Central Asia Fintech Summit (CAFS 2026)
11 қыркүйек 2026
2026 жылғы 11 қыркүйекте Алматы қаласында Central Asia Fintech Summit (CAFS 2026) саммиті өтті.
ҚазҰУ Жоғары экономика және бизнес мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасының эдвайзері Касенова Г.Е. «Қаржы» мамандығының 3-курс студенттерімен бірге саммит жұмысына қатысты.
CAFS 2026 қаржы нарығының, банк және финтех секторларының, халықаралық қаржы ұйымдарының, инвесторлар мен технологиялық компаниялардың өкілдерін біріктіріп, Қазақстан мен Орталық Азияның қаржы нарығының болашағын талқылауға мүмкіндік берді.
Қаржы мамандығының студенттері үшін мұндай іс-шараларға қатысу — кәсіби көкжиегін кеңейтіп, қаржы нарығы дамуының заманауи үрдістерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар
9 қараша 2026
9 қараша 2026