«Абай ілімі: XXI ғасырдағы кемел тұлға моделі» — ҚазҰУ

«Абай ілімі: XXI ғасырдағы кемел тұлға моделі»

9 қыркүйек 2026
«Абай ілімі: XXI ғасырдағы кемел тұлға моделі»

«Абай ілімі: XXI ғасырдағы кемел тұлға моделі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді

Криптология білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен «Абай ілімі: XXI ғасырдағы кемел тұлға моделі» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қазақтың ұлы ойшылы, ақын әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлыныңшығармашылық мұрасы мен философиялық ойлары жан-жақты талқыланды. Сабақтың негізгі мақсаты – студенттерге Абайдың адамгершілік, білім, ғылым, еңбек және өзін-өзі жетілдіру туралы идеяларын таныстырып, оның «толық адам» тұжырымдамасының қазіргі қоғам үшін маңызын ашу.

Дөңгелек үстел барысында студенттер Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі тағылымды ойларға тоқталып, білімге ұмтылу, еңбекқорлық, жауапкершілік, ар-ұят, өзін-өзі тану және адам болу құндылықтары жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.Қатысушылар Абай ілімінің XXI ғасыр жастары үшін де өзектілігін атап өтіп, заманауи технологиялар мен білім дәуірінде кәсіби білікті ғана емес, рухани тұрғыдан кемел, саналы әрі жауапты тұлға қалыптастырудың маңызын талқылады.

Ашық сабақ студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және Абай мұрасын заманауи тұрғыдан түсінуге мүмкіндік берді.