Тіл – ұлттың тағдыры — ҚазҰУ

Тіл – ұлттың тағдыры

10 қыркүйек 2026
Тіл – ұлттың тағдыры

Тіл – әр ұлттың рухани байлығы, тарихы мен мә­дениеті­нің айнасы. 

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Бұл күн қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ұлт ұстазы Ахмет Бай­тұр­сын­ұлы­ның туған күнімен байланысты. Тілді сақтау мен дамыту – ұлт бола­шағын сақтаудың маңызды кепілі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі – көпұлтты бі­лім беру ортасы. Кол­ледж­­де әртүрлі этнос өкіл­де­рі білім алып, өзара дос­­тық пен сыйластықты қа­­лып­тас­тырып келеді. Білім алу­шылардың, соның ішінде өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге де­ген қызығушылығы мен құлшынысы жоғары. Олар мемлекеттік тілді күнделікті қарым-қатынаста қолдануға және қазақ халқының мәде­ние­ті мен салт-дәстүрін тануға ұмтылады.

Колледжде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және білім алушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында ашық тәрбие сағаттары, пікірталас, викторина, тіл байқаулары, мәнерлеп оқу сайыстары және шығармашылық іс-шаралар тұрақты өткізіледі.

Тіл – халықтарды бірік­ті­ре­тін, достық пен өзара түсіністікті ны­ғайтатын құндылық. Сон­дық­тан қазақ тілін үйрену – тек тіл меңгеру емес, ел тарихы мен мәдениетін құрметтеудің көрінісі.       

Гүлжан АСАНҚЫЗЫ,

ҚазҰУ колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары