Сана мен ми сырлары: ҚазҰУ-дағы ғылыми орталық нені зерттейді? / Ғылыми зертхана — ҚазҰУ

Сана мен ми сырлары: ҚазҰУ-дағы ғылыми орталық нені зерттейді? / Ғылыми зертхана

18 қыркүйек 2026
Сана мен ми сырлары: ҚазҰУ-дағы ғылыми орталық нені зерттейді? / Ғылыми зертхана

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде – жаңа жоба! Біз ҚазҰУ-дың ғылыми орталықтары мен зертханаларында атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты таныстыратын «Ғылыми зертхана» бағдарламасын қолға алдық. Бүгінде оқу ордасында 200-ге жуық ғылыми орталық пен зертхана бар. Мұнда күн сайын зерттеулер жүргізіліп, жаңа технологиялар әзірленіп, ғылыми жаңалықтар ашылады. Ал осы зертханалардың ішінде не болып жатыр? Ғалымдар қандай технологияларды қолданады? Қазір қандай зерттеулермен айналысып жатыр? Біз осының бәрін күрделі ғылыми терминдерсіз, қарапайым әрі түсінікті тілмен көрсетеміз. Бүгін біз Қазақстан мен Орталық Азиядағы осы бағыттағы алғашқы мамандандырылған ғылыми-білім беру орталығы — ҚазҰУ-дың Ми институтының есігін ашамыз.