- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жібек жолы» үйірмесі бірінші курс студенттерінің қазақстандық жазушылармен кездесуін ұйымдастырды
«Жібек жолы» үйірмесі бірінші курс студенттерінің қазақстандық жазушылармен кездесуін ұйымдастырды
2026 жылдың 21 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы жанындағы «Жібек жолы» үйірмесі аясында жазушылармен кездесу іс-шарасы өтті.
Іс-шараны үйірме жетекшісі Дүйсенбай Құлпынай жетекшілік етті. Іс-шараға кафедраның бірінші курс студенттері белсенді қатысты. Сонымен қатар шараға белгілі қазақстандық жазушылар Мұнайдар Балмолда, Нұрхалық Абдырақын және Абай Маұқараұлы қонақ ретінде шақырылды.
Кездесу барысында студенттер қонақ-жазушылармен танысып, «Әлемге әйгілі әңгімелер» және басқа да әдеби шығармалардың мазмұны, идеясы мен құндылықтарын талқылады. Студенттер жазушыларға өз қызықтырған сұрақтарын қойып, әдебиет саласында пікір алмасуды жүзеге асырды. Іс-шара бүкіл уақыт бойы жылы, шығармашылық және жағымды атмосферада өтті. Барлық қатысушы студенттер іс-шарадан үлкен әсер алып, әдеби білімдерін толықтырып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытты.

Басқа жаңалықтар