№7 Студенттер үйінде 1-курс студенттеріне арналған «Balmuzdaq Party» өтті
2026 жылғы 13 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің №7 Студенттер үйінде тұратын 1-курс студенттерінің қатысуымен «Balmuzdaq Party» атты мәдени-сауықтыру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – 1-курс студенттерінің студенттік ортаға бейімделуіне қолдау көрсету, өзара қарым-қатынасты нығайту, студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және ұжымдық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шара барысында студенттер арасында танысуға және өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған түрлі ойындар мен командалық белсенділіктер ұйымдастырылды. Студенттер іс-шараға белсенді қатысып, өзара тәжірибе алмасып, жаңа достық байланыстар орнатуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, қатысушыларға балмұздақ ұсынылып, студенттер үшін еркін әрі қолайлы орта қалыптастырылды.
«Balmuzdaq Party» іс-шарасы 1-курс студенттерінің студенттік өмірге белсенді араласуына, Студенттер үйіндегі өзара сыйластық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тәрбиелік және мәдени іс-шаралардың бірі болды.

Басқа жаңалықтар