Алматы – сүйікті қалам!» іс-шарасы өтті
2026 жылғы 18 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Биология және биотехнология факультетінің студенттерінің қатысуымен «Алматы – сүйікті қалам!» атты мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің Алматы қаласына деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын кеңінен насихаттау, сондай-ақ жастардың шығармашылық және танымдық белсенділігін қолдау.
Іс-шара барысында студенттер Алматы қаласының тарихы, сәулеті, мәдениеті және көрікті жерлері туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар шаһардың өзіндік ерекшелігін, заманауи келбеті мен қайталанбас атмосферасын сипаттайтын шығармашылық жұмыстарын ұсынып, өздерінің туған қалаға деген ыстық ықыластарын білдірді.
Шара барысында студенттер Алматының мәдени-тарихи құндылықтары туралы білімдерін толықтырып, өзара пікір алмасты. Қатысушылардың шығармашылық белсенділігі мен қызығушылығы іс-шараның мазмұнын аша түсті.
«Алматы – сүйікті қалам!» атты іс-шара жастардың туған қаланың тарихы мен мәдениетін тереңірек тануына, азаматтық және мәдени құндылықтарын қалыптастыруға, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.



Басқа жаңалықтар