ҚазҰУ-да "Ғылым және білім берудегі инновациялар" орталығы ашылды
Ғылыми-технологиялық парк жанынан «Инновациялық жобалардың тууы» бағдарламасы аясында «Ғылым және білім берудегі инновациялар» орталығы ашылды.
Бұл кезеңде, қоғамның дамуына жетекші рөлді жаңа идеялар мен инновациялар атқарады. Бизнес инновацияларының тәуекелділік ықтималдығына қарамастан, барлық басқа да тең жағдайларда, бастапқы шығындарды қамтитын, қосымша жоғары табысты қамтамасыз ететін, өнім бірлігінің төмен шығындарға әкелуі осы қызметтің негізгі қозғаушы еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады
Бұл экономиканың қарқынды инновациялық даму тиімділік формуласы болып саналады. Инновациялар деңгейіне байланысты, табыстылық әртүрлі, жиі жоғары болуы мүмкін. Қосымша табысты тек инновациялық жобаларды енгізу арқылы алуға болады. Бұл әрекеттер экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Басқа ешқандай жол жоқ.
«Ұзын ақша» институттарын құру үшін бірінші венчурлік қорларды дамыту қажет. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, олар инновациялық жобаларды бастапқы кезеңдерін қаржыландыратын болады, өйткені олардың жоғары тәуекелділігінен банктер қаржыландырудан бас тартады
Венчурлық қаржыландыру кезінде венчурлық қорлар жоғары технологиялық компаниялардың инновациялық жобаларының тәуекелділігін олардың іскерлік белсенділігін арттыра отырып өздеріне алады.
Өнеркәсібі дамыған елдердің тәжірибесі венчурлық қорлардың желісін құруды растайды. Шетелдік авторлар венчурлық қорлар «Apple Компьютерлер», «Microsoft», және т.б. осындай жаһандық компаниялардың инновациялық қызметтерін қаржыландырды деп жазады. Инновациялық процесс ол көпсатылы. Сондықтан, бұл жерде біз «Ой-пікір-ҒЗЖ-ҒЗТҚЖ» кезеңдері туралы айтып отырмыз.
«Инновациялық жобалардың туу механизмі» орталығы келесі қызметтерді іске асырады:
- Орталықтың электрондық поштасына e-mail: 2016ise@mail.ru «Ой-пікір» немесе жобаның өтінішін жіберулеріңізге болады.
- Орталық сіздің өтінішіңізді қарастырады және тіркейді, және осы сіздерге жауап береді.
- Орталық жобаны сараптама жүргізу үшін тиісті кафедраларға жібереді.
- Кафедра белгілі бір мезгілде Орталықтың поштасына сканерленген «қортынды» жібереді.
- Егер «қортынды» оң болса, Орталық одан әрі Технопарк арқылы «жобаның» авторына шаралар қабылдау үшін жібереді.
«Ой-пікір» кезеңдері үшін «Ой-пікір» авторы төлейді.