- Басты бет
- Жаңалықтар
- Биология және биотехнология факультетінің студенттерімен №7 Студенттер үйінде кездесу
Биология және биотехнология факультетінің студенттерімен №7 Студенттер үйінде кездесу
2026 жылғы 17 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті студенттерімен №7 Студенттер үйінде кездесу өтті.
Кездесуге Студенттік қалашықтың директор орынбасары Қалшаев Е.Т., бас мамандар Дихан Б.Қ. және Абдилдаева А.А., №7 Студенттер үйінің коменданты Курманбекова К.М., сондай-ақ Биология және биотехнология факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Басыгараев Ж.М. қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің жатақханадағы тұрмыс жағдайын зерделеу, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдау және білім алушыларды алаңдатқан мәселелерді талқылау.
Іс-шара барысында жатақханадағы тұрмыстық жағдай, тазалық пен санитарлық талаптардың сақталуы, қауіпсіздік, ішкі тәртіп ережелері, оқу үдерісіне қолайлы жағдай жасау және студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар студенттерге жатақханада белгіленген ішкі тәртіп талаптарын сақтау, өзара сыйластық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жатақханадағы жағдайды жақсартуға қатысты ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Студенттердің ұсыныстары жауапты мамандар тарапынан тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттер мен университеттің жауапты қызметкерлері арасында кері байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
Биология және биотехнология факультеті студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, олардың құқықтары мен мүдделерін ескеруге және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.



Басқа жаңалықтар