- Басты бет
- Жаңалықтар
- Биология және биотехнология факультетінің «Алтын белгі» иегерлері ректормен кездесті
Биология және биотехнология факультетінің «Алтын белгі» иегерлері ректормен кездесті
2026 жылғы 9 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Фараби Хабында» Университеттің және Биология және биотехнология факультетінің «Алтын белгі» иегерлерімен университет ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жоғары жетістіктерімен ерекшеленген студенттерді қолдау, олардың университеттік ортаға бейімделуіне ықпал ету және білім алушылардың академиялық әрі кәсіби дамуына бағыт-бағдар беру.
Кездесу барысында ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев студенттерді жоғары оқу орнына қабылдануымен құттықтап, олардың мектеп қабырғасындағы үздік нәтижелерін атап өтті. Сонымен қатар жастарды университетте сапалы білім алуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуға және өздерінің кәсіби әлеуетін жан-жақты дамытуға шақырды.
Студенттер өз кезегінде университеттегі алғашқы әсерлерімен бөлісіп, оқу үдерісі, факультеттегі білім алу мүмкіндіктері, студенттік өмір және болашақ жоспарлары туралы ойларын ортаға салды. Ашық диалог форматында өткен кездесуде білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университет басшылығымен еркін пікір алмасты.
Биология және биотехнология факультетінің «Алтын белгі» иегерлері – білім саласында жоғары нәтижелер көрсетіп, өздерінің талаптылығы мен жауапкершілігін дәлелдеген жас буын. Оларға университет қабырғасында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға, заманауи білім беру ресурстарын пайдалануға, түрлі академиялық және қоғамдық жобаларға қатысуға кең мүмкіндіктер ұсынылады.
Кездесу барысында студенттердің академиялық жетістіктерін қолдау, олардың ғылыми ізденіске қызығушылығын арттыру және университет өміріне белсенді араласуына жағдай жасау мәселелеріне ерекше мән берілді.
Іс-шара соңында білім алушыларға жаңа оқу жылында табыс, жоғары жетістіктер және алға қойған мақсаттарына жету жолында сәттілік тілектері білдірілді.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Биология және биотехнология факультеті


Басқа жаңалықтар