«СӨЗ - ӘЛЕМ ӘМІРШІСІ: СӨЗ ӨНЕРІ» — ҚазҰУ

«СӨЗ - ӘЛЕМ ӘМІРШІСІ: СӨЗ ӨНЕРІ»

22 қыркүйек 2026
«СӨЗ - ӘЛЕМ ӘМІРШІСІ: СӨЗ ӨНЕРІ»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты және Фараби кітапханасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті әдебиеттанушы, ғибратты ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлының 80 жасқа толуына арналған «СӨЗ - ӘЛЕМ ӘМІРШІСІ: СӨЗ ӨНЕРІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияға қазақстандық және шетелдік әдебиеттанушы ғалымдар, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері қатысады.

Конференцияда қарастырылатын мәселелер:

- Абайдың шығармашылық мұрасы мен ілімінің қазіргі руханияттағы орны мен маңызы;

- Қазіргі қаақ әдебиеттануының өзекті мәселелері;

- Сөз  - рухани күш-қуаттың қайнар көзі;

Конференция 2026 жылдың 30 қазанында сағат 15.00-де әл-Фараби кітапханасының 409-залында өтеді. Онлайн байланыс «Zoom» платформасында басталады. Сілтеме қосымша хабарланады.

 Байланыс телефондары:  8701 270 18 68 (Ләйла Жұматайқызы); 8705 750 45 56 (Бибігүл Дәулетқызы); 87079197253 (Алма Мейірбекқызы)

Материалдар 2026 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады. Мақалаларды мына электронды мекенжайға жіберу қажет:  abaigzikonf@mail.ru Конференция материалдарын жинақ ретінде шығару жоспарланған. Жинаққа Халықаралық кітапханалық стандартты нөмірі (ISBN) беріледі.

 

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

1. Материалдар электронды нұсқада abaigzikonf@mail.ru поштасына қабылданады.  Файл «Microsoft Office Word» форматында сақталып, автордың аты-жөнімен аталуы тиіс.

2. Автордың аты-жөні, тегі, қызмет орны, ғылыми атағы, елі (шрифт Times New Roman, жартылай қою, курсив, 14-кегль) беттің жоғарғы оң жақ бұрышына орналастырылуы қажет.

3. Мақаланың атауы (шрифт Times New Roman, жартылай қою, 14 кегль) – беттің ортасында.  

Негізгі мәтін Times New Roman (14 кегль) қарпімен бір жоларалық интервал арқылы орындалады (үлгіні қараңыз). Негізгі мәтіннің абзацтық шегінісі – 1,5; теңестіру – ені бойынша; мәтіндегі тасымалды орналастыру – автоматты түрде.  

4. Әдебиеттер тізімі – негізгі мәтіннен кейін (шрифт Times New Roman

(12 кегль)

5. Әдебиетке сілтеме тік жақшаға алынады және сөйлем соңында әдебиеттер тізімінен алынған дереккөздің нөмірі, сондай-ақ беттің нөмірі тұрады.  

6. Автор туралы мәліметтер мәтіннің соңында көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты (толық); қаласы; жұмыс орны және лауазымы; ғылыми дәрежесі және атағы; студент, магистрант, докторанттар оқу орнын, курсын, факультетті немесе кафедраны көрсетеді.

7. Материалдардың көлемі 6 беттен аспауы тиіс.

Конференция тақырыбына сәйкес келмейтін, сондай-ақ редакциялаудан өтпеген материалдар жинаққа қосылмайды.