ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ БЕЙБІТШІЛІКТІ САҚТАУҒА ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ 17 МАҚСАТТЫ ІЛГЕРІЛЕТУГЕ ШАҚЫРДЫ (4, 16, 17) — ҚазҰУ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ БЕЙБІТШІЛІКТІ САҚТАУҒА ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ 17 МАҚСАТТЫ ІЛГЕРІЛЕТУГЕ ШАҚЫРДЫ (4, 16, 17)

22 қыркүйек 2026
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ БЕЙБІТШІЛІКТІ САҚТАУҒА ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ 17 МАҚСАТТЫ ІЛГЕРІЛЕТУГЕ ШАҚЫРДЫ (4, 16, 17)

2026 жылғы 18 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінде Халықаралық бейбітшілік күніне және Тұрақты даму жөніндегі 17 мақсатты ілгерілетуге арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асырудың маңыздылығы атап өтілді. Атап айтқанда, ТДМ 4 «Сапалы білім», ТДМ 16 «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» және ТДМ 17 «Тұрақты даму мақсатындағы әріптестік» мақсаттарына ерекше назар аударылды.

Іс-шараны Орталық директоры Л. Ф. Деловарова құттықтау сөзімен ашты. Өз сөзінде ол бейбітшілікті сақтаудың, диалог мәдениеті мен өзара құрметті дамытудың маңыздылығын, сондай-ақ бейбітшілік құндылықтарын ілгерілетудегі жастардың ерекше рөлін атап өтті.Іс-шараның интерактивті бөліміне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға «Бейбітшілік» сөзін естігенде нені елестетесіз?» деген сұрақ ұсынылды. Қатысушылар өздерінің бейбітшілік туралы түсініктерін суреттер мен шығармашылық жұмыстар арқылы жеткізді. Бұл формат студенттерге бейбітшілік, өзара түсіністік, достық және адамдар мен халықтар арасындағы ынтымақтастық туралы өз көзқарастарымен бөлісуге мүмкіндік берді.

Бағдарламаның маңызды бөлігі домбырада орындалған музыкалық қойылым болды. Ол ұлттық мәдениет пен өнердің дәстүрлерді сақтаудағы, өзара құрметті нығайтудағы және адамдарды біріктірудегі маңызын көрсетті.

Іс-шара студенттердің бейбітшілік пен халықаралық өзара түсіністік мәселелеріне назарын аударуға, сондай-ақ диалог, құрмет, ынтымақтастық және бейбіт өзара іс-қимыл мәдениетін ілгерілетудегі жастардың рөлін атап көрсетуге мүмкіндік берді.

Дөңгелек үстел әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы БҰҰ туралы ақпараттық қолдаудың Академиялық өңірлік ресурстық орталығының белсенділерінің қолдауымен өткізілді. Модератор және жауапты ұйымдастырушы - Л Ф.Деловарова