«Заң және тәртіп» — ҚазҰУ

«Заң және тәртіп»

18 қыркүйек 2026
«Заң және тәртіп»

2026 жылғы 18 қыркүйекте 3 курс 23-2 топ және 2 курс НИШ студенттерімен «Заң және тәртіп» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Өткізілген орны: Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасы, 414-аудитория.

Эдвайзер: PhD, доцент м.а  Доқтырбай Гулина.

Мақсаты: қоғамда заңды құрметтеу, тәртіпті сақтау және студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Кураторлық сағат барысында заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызы талқыланды. Студенттер өз құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті сақтау және басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу туралы пікір алмасты.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның негізі. Әр азамат өз құқықтары мен міндеттерін біліп, заң талаптарын сақтауы және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет.

Қорытынды: Заңды сақтау – әр адамның өзінен басталады. Қоғамда тәртіп пен өзара құрмет қалыптастыруға әрқайсымыз өз үлесімізді қоса аламыз.