«AI and Future» тақырыбындағы дәріс өтті
2026 жылғы 22 қыркүйекте Үндістанның Райгандж университетінің География кафедрасының ассистент-профессоры, PhD Тапас Палдың (Tapas Pal) қатысуымен «AI and Future» тақырыбында мазмұнды әрі танымдық дәріс өтті. Іс-шараға докторанттар белсенді қатысты.
Дәріс барысында докторанттар жасанды интеллекттің қазіргі ғылым мен білім беру жүйесіндегі рөлі, ғылыми зерттеулерді жүргізудегі заманауи технологиялардың мүмкіндіктері және AI құралдарын академиялық ортада тиімді пайдалану мәселелері жөнінде құнды ақпарат алды.
Тапас Пал өз дәрісінде жасанды интеллекттің қарқынды дамуы мен оның болашақтағы ықтимал бағыттарына тоқталып, ғылымның түрлі салаларында AI технологияларын қолданудың ерекшеліктері туралы өз ғылыми тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, жасанды интеллекттің зерттеу жұмыстарын оңтайландыруға, ақпаратты талдауға, ғылыми деректермен жұмыс істеуге және жаңа ғылыми идеяларды қалыптастыруға тигізетін әсері кеңінен қарастырылды.

«AI and Future» тақырыбындағы дәріс докторанттардың заманауи цифрлық технологиялар туралы білімдерін толықтырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарында инновациялық құралдарды қолдануға деген қызығушылықтарын арттырды. Іс-шара халықаралық ғылыми тәжірибе алмасу мен академиялық байланысты нығайтуға да өз үлесін қосты.
Дәріс соңында қатысушылар спикерге мазмұнды баяндамасы мен құнды ақпараттары үшін алғыс білдіріп, осындай ғылыми-танымдық кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Басқа жаңалықтар