«Әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман дәрісі»
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушыларына «Әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман дәрісі» тақырыбында зияткерлік-саяхат сағаты өтті.
Зияткерлік-саяхат сағатының мақсаты – тыңдаушыларға Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және рухани мұрасын таныстыру, оның білім, ғылым, адамгершілік және ізгілік туралы идеяларын қазіргі білім беру үдерісімен байланыстыру, білім алушылардың танымдық қызығушылығын, сыни ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шара ТДМ 4 – Сапалы білім мақсатына сәйкес білім алушылардың сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына және ғылыми ізденісіне бағытталды. Сонымен қатар білім беру ұйымдары, оқытушылар мен білім алушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы ТДМ 17 – Тұрақты даму жолындағы әріптестік қағидаттары насихатталды.
Зияткерлік-саяхат барысында тыңдаушылар Әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми мұрасымен танысып, оның даналық ойларының қазіргі қоғам мен білім беру саласындағы маңызын талқылады. Әл-Фараби мұрасы – сапалы білімге ұмтылуға, ғылымды дамытуға және өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағыт беретін құнды рухани мұра.
Басқа жаңалықтар