ҚазҰУ студенті самбодан Әлем кубогының жеңімпазы атанды — ҚазҰУ

ҚазҰУ студенті самбодан Әлем кубогының жеңімпазы атанды

23 қыркүйек 2026
ҚазҰУ студенті самбодан Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1-курс студенті Әнел Жақсыбек Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен самбодан Әлем кубогында топ жарып, алтын медаль еншіледі.

Жарысқа әлемнің 14 елінен 234 спортшы қатысты. Отандық спортшы әйелдер арасындағы жауынгерлік самбодан 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті.

Айта кетейік, Әнел Жақсыбек – самбо және дзюдодан ел чемпионаттарында жоғары нәтиже көрсетіп жүрген спортшы. Ол бұған дейін Ақтау қаласында өткен самбодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында және дзюдодан Алматы қаласының біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінген. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі