- Басты бет
- Жаңалықтар
- Кюсю университетінің профессоры ҚазҰУ-дың Қазақстан-Қытай бірлескен «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасына келді
Кюсю университетінің профессоры ҚазҰУ-дың Қазақстан-Қытай бірлескен «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасына келді
2026 жылғы 21 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан–Қытай бірлескен «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасына Жапонияның Кюсю университетінің профессоры Чисако Тэсима Масуо келді.
Чисако Тэсима Масуо - Кюсю университетінің профессоры, халықаралық қатынастар саласындағы зерттеуші. Оның ғылыми қызығушылықтары Қытайдың сыртқы саясатын, Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастарды, сондай-ақ Қытай-Жапония қатынастарын қамтиды.

Сапар барысында профессор Қазақстан-Қытай бірлескен қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану зертханасының қызметіне, атап айтқанда, Қазақстан мен Қытайдың Жерді қашықтықтан зондтау технологиялары саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастығының дамуына ерекше қызығушылық танытты. Кездесу барысында бірлескен ғылыми зерттеулерге, ғылыми тәжірибе алмасуға, сондай-ақ экологиялық мониторинг, табиғи ресурстарды басқару және қоршаған ортадағы өзгерістерді зерттеу міндеттерін шешуде спутниктік деректерді пайдалануға ерекше назар аударылды.
Профессор Чисако Тэсима Масуо Қазақстан мен Қытайдың қашықтықтан зондтау және спутниктік технологиялар саласындағы ғылыми ынтымақтастығының Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы ғылыми-технологиялық байланыстарды нығайтудағы рөліне де қызығушылық білдірді.

Басқа жаңалықтар