Әл-Фараби мұрасы және қазіргі жастар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті, электроника және астрофизика кафедрасында 6B06201 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері арасында «Әл-Фараби мұрасы және қазіргі жастар» тақырыбында кураторлық іс-шара өткізілді. ТДМ 4 — Сапалы білім.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге ұлы ойшыл, ғалым және философ Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми мұрасы туралы мағлұмат беру, оның білім, ғылым және адамгершілік туралы идеяларының қазіргі жастар үшін маңызын түсіндіру және студенттердің ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттыру.
Кездесу барысында әл-Фарабидің ғылыми еңбектері, философиялық көзқарастары және әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы айтылды. Сонымен қатар оның білімге, ізденіске, адамгершілікке және қоғамның дамуына қатысты ой-пікірлерінің қазіргі қоғамдағы маңызы атап өтілді.
Іс-шара барысында студенттерге «Әл-Фараби қазіргі жастарға қандай кеңес берер еді?», «Оның білім мен ғылым туралы идеяларын бүгінгі өмірде қалай қолдануға болады?», «Қазіргі студент қандай қасиеттерге ие болуы керек?» деген сұрақтар қойылып, пікірталас ұйымдастырылды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, әл-Фараби мұрасы мен қазіргі жастардың өмірі арасындағы байланыс туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар студенттер әл-Фарабидің білімге деген ұмтылысы, ғылымға қызығушылығы, еңбекқорлығы мен адамгершілік қасиеттері қазіргі жастар үшін үлгі бола алатынын атап өтті. Ұлы ойшылдың мұрасы студенттерді өз мамандығын терең меңгеруге, үнемі ізденуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытуға және болашақта білікті маман болуға ынталандыратыны айтылды.
Кураторлық іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Кездесу барысында студенттер әл-Фарабидің ғылыми және рухани мұрасы туралы білімдерін толықтырып, оның идеяларының қазіргі жастар үшін маңызын түсінуге мүмкіндік алды.
Басқа жаңалықтар