География және табиғатты пайдалану факультетінде студенттермен кездесу өтті — ҚазҰУ

География және табиғатты пайдалану факультетінде студенттермен кездесу өтті

31 тамыз 2026
География және табиғатты пайдалану факультетінде студенттермен кездесу өтті

   31 тамыз 2026 жылы География және табиғатты пайдалану факультетінде әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Айгерім Нұрланқызы Сакенованың қатысуымен №4 Студенттер үйінде тұратын студенттермен кездесу ұйымдастырылды.

   Кездесу барысында факультеттің белсенді студенттері таныстырылып, жаңадан тағайындалған студенттік декан Серікұлы Сағынжанмен танысу рәсімі өтті. Сонымен қатар студенттердің факультеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуы, жастар бастамаларын қолдау және студенттік өзін-өзі басқару бағыттары сөз болды.

   Жиын барысында Студенттер үйінің ішкі тәртіп ережелеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге белгіленген талаптарды сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, ортақ мүлікке ұқыпты қарау және тұрғындар арасындағы өзара сыйластық қағидаларын ұстану жөнінде түсіндірме берілді.

   Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің әлеуметтік ортаға бейімделуіне қолдау көрсету, олардың құқықтары мен міндеттері жөніндегі ақпараттандырылуын арттыру және факультет пен білім алушылар арасындағы тиімді байланысты нығайту.