"Қаржылық сауаттылық - қаржы әлеміне алғашқы қадам" атты тренингі өткізілді — ҚазҰУ

"Қаржылық сауаттылық - қаржы әлеміне алғашқы қадам" атты тренингі өткізілді

23 қыркүйек 2026
"Қаржылық сауаттылық - қаржы әлеміне алғашқы қадам" атты тренингі өткізілді

      Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы тыңдаушылары арасында ТДМ-4 бағыты бойынша  "Қаржылық сауаттылық - қаржы әлеміне алғашқы қадам" атты тренингі өткізілді. Мақсаты-шетелден келген қандас тыңдаушылардың жаңа ортаға тез бейімделуге, қаржылық қателіктерге бой алдырмауға көмектесу. Тренинг барысында Қазақстанның қаржылық құрылымы жайлы түсінік берілді. Олар жасауы тиіс 3 маңызды қадамға түсініктеме берілді :

1.ЖСН алу-ең алғашқы кілт.

2.ЭЦҚ ашу

3 банк картасын ашу және QR төлем.

   Сонымен қатар телефон алаяқтарынан сақтану т.б.маңызды қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды.  Жаңа ортаға енді үйренісе бастаған факультет тыңдаушылары үшін аталған ақпараттар өте құнды мәліметтер болып табылмақ.