«Жастар және заң» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізілді
11 қыркүйек 2026 жылы География және табиғатты пайдалану факультетінде «Жастар және заң» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Жиынға факультеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Сакенова Айгерім Нұрланқызы және қалашықтың бас маманы Досмаханбет Бақдәулет қатысты.

Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасының заңнамасы, жастардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық сауаттылықтың маңызы жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар алаяқтықтың кең таралған түрлері, интернет кеңістігіндегі қауіптер және қаржылық алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді.

Қатысушыларға күмәнді ұсыныстарға сенбеу, жеке және қаржылық мәліметтерді бөгде тұлғаларға бермеу, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылық жағдайларында тиісті органдарға жүгіну қажеттігі ескертілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтауға жауапкершілігін қалыптастыру және алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша қажетті ақпарат ұсыну.
Басқа жаңалықтар