- Басты бет
- Жаңалықтар
- География және табиғатты пайдалану факультетінде студенттермен кездесулер ұйымдастырылды
География және табиғатты пайдалану факультетінде студенттермен кездесулер ұйымдастырылды
10 қыркүйек 2026 жылы География және табиғатты пайдалану факультетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Сакенова Айгерім Нұрланқызы, аға куратор Есболған Біржан және Есенғали Тұрлыбекұлының қатысуымен №4 және №15 Студенттер үйлерінде білім алушылармен кездесулер өткізілді.
Кездесу барысында студенттер факультеттің негізгі ережелері мен ішкі талаптарымен таныстырылды. Білім алушыларға оқу тәртібін сақтау, жауапкершілік таныту және факультеттің қоғамдық өміріне белсенді араласу мәселелері бойынша түсіндірме берілді.

Сондай-ақ 1-курс студенттеріне факультеттің белсенді жастарының қызметі, студенттік бастамаларға қатысу мүмкіндіктері және қоғамдық іс-шараларға атсалысудың маңызы туралы ақпарат ұсынылды.
Кездесулердің негізгі мақсаты – бірінші курс студенттерінің жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету, факультеттің талаптары жөніндегі ақпараттандырылуын арттыру және жастардың қоғамдық белсенділігін ынталандыру.
Аталған жұмыстар студенттер арасында жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, өзара ынтымақтастықты нығайтуға және факультеттің қоғамдық өміріне жастардың белсенді қатысуына ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар