Бірінші курс студенттерін қарсы алуға арналған «Балмұздақ Party» кеші өтті — ҚазҰУ

Бірінші курс студенттерін қарсы алуға арналған «Балмұздақ Party» кеші өтті

8 қыркүйек 2026
Бірінші курс студенттерін қарсы алуға арналған «Балмұздақ Party» кеші өтті

  2026 жылғы қыркүйек айында География және табиғатты пайдалану факультетінде бірінші курс студенттеріне арналған «Балмұздақ Party» атты көңілді кеш ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – бірінші курс студенттерін факультет өмірімен таныстыру, жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету және студенттер арасында достық қарым-қатынас қалыптастыру. Кеш барысында студенттер түрлі қызықты ойындар мен белсенділіктерге қатысып, бір-бірімен танысты. Көңілді атмосфера мен балмұздақтар кештің ерекше әрі есте қаларлық өтуіне ықпал етті.

  Осындай іс-шаралар студенттердің жаңа ортаға тез бейімделуіне, жаңа достар табуына, факультет өміріне белсенді араласуына және студенттік бірлікті нығайтуға мүмкіндік береді.