Cyber Community: Қауіпсіз цифрлық орта — ҚазҰУ

Cyber Community: Қауіпсіз цифрлық орта

25 қыркүйек 2026 – 25 қыркүйек 2026

Cyber Community: Қауіпсіз цифрлық орта

Құрметті ҚазҰУ білім алушылары, профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлері!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасы сіздерді кибермәдениет пен цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне арналған «Cyber Community: Қауіпсіз цифрлық орта» іс-шарасына қатысуға шақырады.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылатын Кибермәдениет айлығы аясында, сондай-ақ 2026–2028 жылдарға арналған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институтының рөлі мен функцияларын күшейту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде өткізіледі.

💻 Сіздерді не күтеді:

🔹 заманауи киберқауіптер және фишингтен тиімді қорғану тәсілдері;

🔹 интернет-алаяқтықтың алдын алу және алаяқтық схемаларды анықтау;

🔹 дербес деректер мен пайдаланушы аккаунттарын қорғау;

🔹 әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану;

🔹 жасанды интеллект құралдарын жауапкершілікпен пайдалану;

🔹 интерактивті тренинг және тақырыптық тестілеу;

🔹 цифрлық құрылғылар мен дербес деректерді қорғауға арналған практикалық ұсынымдар.

 

📅 Күні: 2026 жылғы 25 қыркүйек

🕤 Уақыты: 09:30

📍 Өтетін орны: KazLAE Industrial Research Center, Әл-Фараби даңғылы, 71/23

Баршаңызды іс-шараға қатысуға шақырамыз!

Заманауи цифрлық қауіптер туралы практикалық білім алып, дербес деректеріңіз бен аккаунттарыңызды тиімді қорғау тәсілдерін меңгеріп, кибермәдениет пен цифрлық қауіпсіздік дағдыларыңызды арттырыңыз.

 

Ұйымдастырушы:

Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасы

Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті