Алматы күні – жастар шығармашылығының жарқын көрінісі
18 қыркүйек 2026 жылы, Алматы күніне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері қала мерекесіне орай өз өнерлерін ортаға салды. Жастардың шығармашылығы мен жарқын өнері мерекелік шараға ерекше сән беріп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Алматы – асқақ Алатаудың баурайында орналасқан, тарихы мен мәдениеті тоғысқан, жастық пен шығармашылықтың рухы сезілетін ерекше қала. Осы айтулы күні студенттердің өнер көрсетуі туған қалаға деген сүйіспеншілік пен құрметтің жарқын көрінісіне айналды.

Мерекелік шара барысында студенттер өз таланттарын көрсетіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, Алматының қайталанбас рухын өнер арқылы жеткізді.
Алматының әсемдігі – оның табиғатында ғана емес, қаланың болашағын қалыптастыратын дарынды әрі белсенді жастарында.
Басқа жаңалықтар