«Толық адам және экологиялық жауапкершілік: табиғат пен қоғам алдындағы парыз» — ҚазҰУ

«Толық адам және экологиялық жауапкершілік: табиғат пен қоғам алдындағы парыз»

9 қыркүйек 2026
«Толық адам және экологиялық жауапкершілік: табиғат пен қоғам алдындағы парыз»

  9 қыркүйек 2026 жылы География және табиғатты пайдалану факультетінде «Толық адам және экологиялық жауапкершілік: табиғат пен қоғам алдындағы парыз» атты кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны факультеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Сакенова Айгерім Нұрланқызы өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.

  Кездесу барысында «Толық адам» тұжырымдамасының құндылықтары мен экологиялық жауапкершіліктің өзара байланысы талқыланды. Студенттер табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті күнделікті өмірде қалыптастыру туралы өз ойларымен бөлісті. Табиғатты қорғау – әр адамның қоғам мен болашақ алдындағы маңызды парызы екені атап өтілді.

  Іс-шара жастардың табиғатқа жанашырлықпен қарауын, жауапкершілік пен азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталды. Кездесу барысында табиғат пен қоғам арасындағы үйлесімділікті сақтау әр адамның саналы әрекетінен басталатыны айтылды. Табиғатты аялау – болашақты аялау, сондықтан экологиялық жауапкершілік әрқайсымыздың күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болуы тиіс.