Студенттік өмірдің алғашқы естелігі: «БАЛМҰЗДАҚ PARTY» — ҚазҰУ

Студенттік өмірдің алғашқы естелігі: «БАЛМҰЗДАҚ PARTY»

16 қыркүйек 2026
Студенттік өмірдің алғашқы естелігі: «БАЛМҰЗДАҚ PARTY»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Журналистика факультетінің 1-ші курс студенттеріне арналған қызыққа толы «Балмұздақ Party» кеші өтті. Университетіміздің аға оқытушысы, PhD Ержан Жұмабекұлының құттықтау сөзімен басталған шараның әр сәті ерекше атмосферасымен есте қалды.

Кештің басқа кештерден басты айырмашылығы оның «Halloween» тематикасында өтуі. Күнделікті оқудағы қарбаластықтан бір сәт алыстап, жаңа әсер алғандай болдық. Образдағы студенттердің қатысуымен қызықты ойындар өтті. Өз кейіпкерлерін тамаша сомдағандарға университет ұйымдары атынан ақшалай сыйлықтар берілді.

Одан бөлек, «Сенат», «Сұңқар» ұйымдары би билеп, «Жастар рухы», «Студенттік деканат командасы» ұйымдары арнайы қойылымдар ұсынды.  Осындай шаралар студенттердің университет қабырғасында зеректік, шапшаңдық, белсенділік әрі ұйымшылдық қасиеттерін дамытуына және студенттік ортадағы достық байланыстарын нығайтуларына септігін тигізеді.  Студенттік деканымыз Амангелді Шерхан Ерланұлы қорытынды сөз сөйлеп, 1-ші курс студенттеріне ізгі тілегін білдірді.

«Балмұздақ Party» – 1 курс студенттері үшін тәтті естеліктер қалдырған, студенттік өмірдің жарқын сәті.

«Халықаралық журналистика» 
мамандығының 1 курс студенті 
Манасова Жадыра