Әл-Фарабидің трактаттары: жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру — ҚазҰУ

Әл-Фарабидің трактаттары: жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру

23 қыркүйек 2026
Әл-Фарабидің трактаттары: жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру

2026 жылғы 23 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультетінің Молекулалық биология және генетика кафедрасында «Әл-Фарабидің трактаттары: жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру» тақырыбында ашық эдвайзерлік сағат өтті. Іс-шараға «6В05105 – Генетика» білім беру бағдарламасының орыс бөлімінде білім алатын 3 курс студенттері қатысты. Кездесуді куратор-эдвайзерлер А.В. Ловинская мен А.И. Жусупова ұйымдастырды.

 

 

 

 

Эдвайзерлік сағат барысында Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасы, оның логиканың, математиканың, музыканың, медицинаның, саясаттың және таным теориясының дамуына қосқан үлесі қарастырылды. «Ғылымдарды жіктеу», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы», «Музыканың ұлы кітабы» және «Ақылдың мән-мағыналары туралы» еңбектеріне ерекше назар аударылды. Әл-Фараби идеяларының қазіргі білім беру ортасы үшін өзектілігі атап өтілді. Атап айтқанда, оның көзқарастары сыни ойлауды, білім алушының дербестігін, пәнаралық және трансдисциплиналық тәсілдерді, сондай-ақ білімді қолданудағы жауапкершілікті дамыту қағидаттарымен сабақтас екені талқыланды.

 

 

 

 

Кездесудің жеке бөлімі білім беруде жасанды интеллектіні қолданудың мүмкіндіктері мен тәуекелдеріне арналды. Қатысушылар нейрожелілерді ақпаратты іздеу және талдау, білім беруді дараландыру және ғылыми қызметті қолдау мақсатында пайдалану мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар дайын жауаптарға тәуелділік, дәйексіз ақпараттың таралуы, академиялық адалдықтың бұзылуы және жасанды интеллект жасаған материалдарды міндетті түрде тексеру қажеттілігі атап өтілді. Пікірталас барысында студенттер XXI ғасырдағы «қайырымды цифрлық қала» қандай болуы мүмкін екеніне және технологияларды дамытудың негізінде қандай этикалық қағидаттар жатуы тиіс екеніне ой жүгіртті. Білім беру үдерісіндегі тәлімгердің маңызды рөліне ерекше назар аударылды. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының, атап айтқанда, 4-мақсат – «Сапалы білім беру», 9-мақсат – «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылымқағидаттарымен үндеседі. Кездесу әл-Фараби мұрасын тереңірек түсінуге және заманауи, жауапты әрі гуманистік бағыттағы білім беру мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

 

Молекулалық биология және генетика кафедрасы