- Басты бет
- Кампус
- Студенттік қалашық әкімшілігі мен Жоғары студенттер кеңесінің кезекті кездесуі өтті
Студенттік қалашық әкімшілігі мен Жоғары студенттер кеңесінің кезекті кездесуі өтті
2026 жылғы 22 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік қалашығында Студенттік қалашық әкімшілігінің мамандары мен Жоғары студенттер кеңесінің белсенді студенттері арасында кезекті кездесу өтті.
Кездесу барысында жаңа оқу жылына жоспарланған маңызды жобалар мен іс-шаралар талқыланып, студенттердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ оқу процесіндегі жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, студенттердің университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласуы, өз бастамаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері және түрлі жобаларға қатысу жолдары қарастырылды. Кездесуде студенттер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, жауапкершілік пен белсенділік деңгейін арттыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Жиын барысында белсенді студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Мұндай кездесулер студенттердің университет өміріне тезірек бейімделуіне, көшбасшылық қабілеттерін дамытуына және оқу жылы бойы өзара тиімді жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша студенттердің бастамаларын қолдау, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру және университет өміріне белсенді араласуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру жоспарланды.



Басқа жаңалықтар