«Студенттің психологиялық және физикалық қауіпсіздігі» атты дәріс өткізілді
2026 жылғы 24 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Зоология, гистология және цитология кафедрасының 2 курс студенттерінің қатысуымен «Студенттің психологиялық және физикалық қауіпсіздігі» атты дәріс өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің психологиялық және физикалық қауіпсіздік туралы түсініктерін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту, өз денсаулығына және психологиялық әл-ауқатына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Дәріс барысында студенттердің оқу ортасындағы психологиялық жайлылығы, эмоционалдық күйзелістің алдын алу, стресстік жағдайларды басқару, өзара сыйластық пен қолдау көрсету, сондай-ақ физикалық қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері талқыланды. Студенттер қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудың маңыздылығы туралы өз пікірлерін білдіріп, түрлі қауіп жағдайларында дұрыс әрекет ету жолдары жөнінде ақпарат алды.
Іс-шара барысында әрбір студенттің психологиялық және физикалық қауіпсіздігі – қолайлы әрі тиімді білім беру ортасының маңызды құрамдас бөлігі екені атап өтілді. Дәріс студенттердің қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, өзіне және айналасындағы адамдарға жауапкершілікпен қарауға бағытталды.
Ұйымдастырушылар:
Кафедра оқытушы-эдвайзерлері: Естемірова Г.Ә., Қонысбаева А.Ә.
Басқа жаңалықтар