№17 Студенттер үйінде өткізілген «Кафедра күні» аясындағы ақпараттық-түсіндіру және тәрбиелік кездесу — ҚазҰУ

№17 Студенттер үйінде өткізілген «Кафедра күні» аясындағы ақпараттық-түсіндіру және тәрбиелік кездесу

23 қыркүйек 2026
№17 Студенттер үйінде өткізілген «Кафедра күні» аясындағы ақпараттық-түсіндіру және тәрбиелік кездесу

2026 жылғы 23 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушылары, филология факультеті деканының тәрбие жөніндегі орынбасары Шоқан Амангелдіұлы мен Студенттік қалашық дирекциясының бас мамандары бекітілген «Кафедра күні» кестесіне сәйкес №17 Студенттер үйіне жоспарлы аралау жүргізді.

 

Кездесудің басты мақсаты - университеттің академикалық ортасына алғаш қадам басқан филология факультетінің 1-курс студенттеріне әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, оларды білім ордасының ішкі тәртібімен таныстыру және тұрмыстық жағдайын саралау. Аралау барысында Студенттер үйінде тұратын білім алушыларға «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентінің Ар-намыс кодексі» мен Студенттер үйінде тұрудың негізгі ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Академиялық ортаға енді ғана бейімделіп жатқан бірінші курс студенттері үшін бұл кездесу ерекше маңызға ие болды. Шара барысында студенттерге университеттің корпоративтік мәдениетін сақтау, қоғамдық орындардағы өзін-өзі ұстау әдебі, қауіпсіздік шаралары мен тазалық талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттердің көкейінде жүрген тұрмыстық және ұйымдастырушылық сұрақтарына жауап беріліп, ашық пікірлесу өтті.

Өткізілген іс-шара білім алушылардың жаңа оқу ортасына тез әрі кедергісіз бейімделуіне ықпал етіп, университет қабырғасындағы тәртіп, өзара құрмет және жауапкершілік мәдениетін одан әрі нығайта түсті.

Ұйымдастырушылар мен қатысушылар:

● Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушылары: доцент м.а. Марина Жамбылқызы, аға оқытушы Айман Арипқызы, оқытушы Арайлым Қайратқызы Ақжигитова;

● Филология факультеті деканының тәрбие жөніндегі орынбасары: Шоқан Амангелдіұлы;

● Студенттік қалашық дирекциясының бас мамандары: Дихан Берік Қуанышбайұлы, Сатыбалдиева Бахыткуль Бахытбековна, Тұрсынбай Жазира Зұлқайырқызы, Досмаханбет Бақдәулет Маратұлы.