- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ түлегі Данияр Маханов университетпен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
ҚазҰУ түлегі Данияр Маханов университетпен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде факультеттің 2005 жылғы түлегі, Eurasia Critical Minerals Organisation (ECMO) операциялық директоры Данияр Махановпен студенттердің кездесуі өтті.
Кездесуге университеттің Стратегиялық даму орталығының директоры Жандос Байжұма мен экономика және бизнес жоғары мектебі деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Шыңғыс Нұрғазы қатысты. Тараптар университет пен ұйым арасындағы алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу барысында түлектердің кәсіби тәжірибесін білім беру және ғылыми ортада пайдалану мәселесіне назар аударылды. Ықтимал ынтымақтастық бағыттары ретінде студенттермен сарапшылық кездесулер өткізу, тәжірибе алмасу, сондай-ақ экономика, инвестиция және стратегиялық даму мәселелерін бірлесіп талқылау аталды.
Данияр Махановпен кездесу университет пен түлектер арасындағы байланыстың маңызын көрсетті. Түлектердің кәсіби тәжірибесі студенттерге еңбек нарығының қазіргі талаптарын жақсырақ түсінуге көмектесіп, университет пен сала өкілдері арасындағы диалогқа жол ашады.
Басқа жаңалықтар