«Жемқорлықтан тыс университет» жобасы аясында «Адалдық қағидаттары: білімінен кәсіби қызметке дейін». ТДМ 16 БЕЙБІТШІЛІК, ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР — ҚазҰУ

«Жемқорлықтан тыс университет» жобасы аясында «Адалдық қағидаттары: білімінен кәсіби қызметке дейін». ТДМ 16 БЕЙБІТШІЛІК, ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР

24 қыркүйек 2026
«Жемқорлықтан тыс университет» жобасы аясында «Адалдық қағидаттары: білімінен кәсіби қызметке дейін».  ТДМ 16 БЕЙБІТШІЛІК, ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ТИІМДІ ИНСТИТУТТАР

22 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің картография және геоинформатика кафедрасыныңда «Жемқорлықтан тыс университет» жобасы аясында «Адалдық қағидаттары: білімінен кәсіби қызметке дейін» атты дөңгелек үстел өтті. Іс шараға 2 курс «Геодезия және картография»  БББ студенттері қатысты.

Кездесудің мақсаты - студенттер мен оқытушылар арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру және жемқорлыққа төзбеушілік ұстанымын нығайту. Талқылау барысында заңдылық, әділдік, ашықтық, жауапкершілік, академиялық адалдық және мүдделер қақтығысынан аулақ болу қағидаттарына ерекше назар аударылды.

 Академиялық адалдықтың бұзылу көріністері - плагиат, көшіру, емтиханда алдау, баға үшін заңсыз әрекеттер - жайлы айтып, адал оқу тәжірибесінің маңызын атап өтті. Сонымен қатар білімнен кәсіби қызметке дейінгі жолда адалдық әдетінің кезең-кезеңімен қалыптасатыны, университетте қалыптасқан құндылықтардың болашақ маманның беделіне тікелей әсер ететіні айтылды.

Дөңгелек үстел қатысушылары мүдделер қақтығысы кезінде әрекет етудің мынадай реттілігін талқылады: жағдайды тану, басшылыққа немесе этика комиссиясына хабарлау, шешім қабылдаудан өзін шеттету және қабылданған шешімдерді құжаттау. «Күмән туса, ашық айту» ұстанымы кәсіби жетілгендіктің белгісі ретінде аталды.

Іс-шара соңында қатысушылар университеттің адалдық мәдениетін дамытудағы рөлін, яғни антикоррупциялық білім беруді, тәуекелдерді алдын алуды және мониторингті күшейту бағыттарын талқылап, өз ұсыныстарын білдірді.