ҚазҰУ-да «Жақсы кітап – жан азығы» атты кітап сыйлау шарасы өтті. — ҚазҰУ

ҚазҰУ-да «Жақсы кітап – жан азығы» атты кітап сыйлау шарасы өтті.

25 қыркүйек 2026
ҚазҰУ-да «Жақсы кітап – жан азығы» атты кітап сыйлау шарасы өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен №17 Студенттер үйінде «Жақсы кітап – жан азығы» атты шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында кітап оқуды насихаттау, жастардың рухани дамуына қолдау көрсету және әдеби құндылықтарды дәріптеу. Шара барысында жатақхана тұрғындарына қазақ әдебиеті, көркем шығармалар мен танымдық бағыттағы кітаптар сыйға тартылды. Кітап – адам ой-өрісін кеңейтетін, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Осы бастама арқылы студенттерге кітаптың маңызын түсіндіру, оқырман мәдениетін қалыптастыру және әдеби ортаға қызығушылығын арттыру көзделді.

Шараға кафедра оқытушылары мен студенттер қатысып, кітаптың адам өміріндегі орны, көркем әдебиеттің тұлға қалыптастырудағы рөлі туралы ой бөлісті. «Жақсы кітап – жан азығы» атты игі бастама жастарды кітап оқуға, ізденуге және рухани мұраны бағалауға үндейтін тағылымды шара.

 

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті