Орталық ұлттар университетінің магистранты ғылыми тағылымдамадан өтті. — ҚазҰУ

Орталық ұлттар университетінің магистранты ғылыми тағылымдамадан өтті.

25 қыркүйек 2026
Орталық ұлттар университетінің магистранты ғылыми тағылымдамадан өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытай Халық Республикасы Орталық ұлттар университеті (Minzu University of China) арасындағы Білім беру ынтымақтастығы туралы келісім аясында аталған университеттің магистранты Айнар Отарбекқызы Филология факультеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама 2025 жылғы 24 қазаннан 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін жүргізілді. 

Ғылыми тағылымдамаға филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ. Мамынова жетекшілік етті.

Тағылымдама барысында магистрант кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысып, қазақ тіл білімі саласындағы зерттеу тәжірибесін жетілдірді. Ғылыми жетекшінің басшылығымен зерттеу жұмысына қатысты ғылыми-әдістемелік кеңестер алып, зерттеу бағыты бойынша жұмыс жүргізді.

Ғылыми тағылымдама екі университет арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, жас зерттеушілердің тәжірибе алмасуына және халықаралық ғылыми байланыстарды дамытуға ықпал етті.