Шетелдік зерттеушілердің еңбектеріндегі орыстілді әдебиет. Неліктен руссофония туралы айту керек? Ғылым докторы Нина Фриесспен кездесу. — ҚазҰУ

Шетелдік зерттеушілердің еңбектеріндегі орыстілді әдебиет. Неліктен руссофония туралы айту керек? Ғылым докторы Нина Фриесспен кездесу.

25 қыркүйек 2026
Шетелдік зерттеушілердің еңбектеріндегі орыстілді әдебиет. Неліктен руссофония туралы айту керек? Ғылым докторы Нина Фриесспен кездесу.

2026 жылдың 18 қыркүйегінде Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасында неміс зерттеушісі, ғылым докторы Нина Фриесспен кездесу өтті. Кездесу форматы – «Шетелдік зерттеушілердің еңбектеріндегі орыстілді әдебиет. Неге руссофония туралы айту керек?» тақырыбы аясында ашық дәріс және дәріс соңында кафедра оқытушылары мен студенттері белсенді талқылауға қатысты.

Кездесуді кафедра маманы, PhD Серебрянский Юрий Юрьевич және «Орыс филологиясы» мамандығының үшінші курс бакалавр студенттері ұйымдастырды.

Нина Фриесс Берлиндегі ZOiS Шығыс Еуропа және халықаралық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері болып табылады. Сондай-ақ Нина Фриесс әлемдік орыстілді әдебиеттегі заманауи үрдістерді зерттейтін және авторларды, зерттеушілер мен оқырмандарды біріктіретін ‘Russophone Voices’ жобасының тең құрылтайшысы болып табылады.

Доктор Фриесстің ғылыми қызығушылықтары аясына Қазақстанның заманауи мәдениеті кіретіндіктен, оның сапары біздің университетіміз үшін ерекше маңызға ие.