Туы бірдің - тілі бір" — ҚазҰУ

Туы бірдің - тілі бір"

25 қыркүйек 2026
Туы бірдің -  тілі бір"

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Тұрақты даму мақсаттары: "Сапалы білім (4)" аясында және "Қазақстан халқының тілдері күні" мерекесіне орай Филология факультеті, Шетел тілдері кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен және экономика факультетінің 1-курс студенттерінің қатысуымен халықаралық деңгейде "Туы бірдің -  тілі бір" атты іс-шара болып өтті. Іс-шарада студенттер тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, тақпақтар айтып, дайындаған слайдтарын қорғап, белсене қатысты. Білім алушылар тілге құрмет туралы: тіл-ойды жеткізу құралы, қандай ұлт өкілі болмасын бір-бірімен достастыратын құрал - тіл екендігін, адам қанша шет тілін білгенімен, өз туған  тілін құрметтеу керек екендігін, ағылшын тілін меңгеру арқылы елімізді дамыту жолында көптеген жетістіктерге жетуге болатындығы жайында өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, іс-шараға университет студенттерімен қатар, Польша мемлекетінің Варшава университетінің 2-курс студенті Алхабек Ақерке онлайн қатысып, шетел тілін қалай үйрену керек,  бірнеше тіл білу арқылы шетелдік университетте қалай  білім алуға болатындығы туралы тың ақпараттармен бөлісті. Іс-шара қызықты және  жоғары деңгейде өтті.