«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы
Тұрақты даму мақсатының №4 «Сапалы білім» (ТДМ 4) бағытын іске асыру аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, орыс филологиясы және әлем тілдері кафедрасының аға оқытушылары Маукеева А.О. және Оспан А.О. «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында өткізілген «Жатақханаға кітап сыйла!» акциясына қатысты.
Акция барысында оқытушылар №17 жатақхананың филология студенттеріне арналған оқу залына кітаптар сыйға тартты. Аталған бастама жастар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттауға, әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Сыйға берілген кітаптар студенттердің өздігінен білім алуына, дүниетанымын кеңейтуіне және болашақ филологтардың кәсіби дамуына қосымша ресурс болады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Маукеева А.О., Оспан А.О.
Басқа жаңалықтар