«Орхон» бағдарламасы: ҚазҰУ студенттері Каппадокия университетінде білім алуды бастады. — ҚазҰУ

«Орхон» бағдарламасы: ҚазҰУ студенттері Каппадокия университетінде білім алуды бастады.

25 қыркүйек 2026
«Орхон» бағдарламасы: ҚазҰУ студенттері Каппадокия университетінде білім алуды бастады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультеті А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының студенттері академиялық ұтқырлық аясында бауырлас Түркия мемлекетіне оқуға аттанды.

«Орхон» академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде «Қазақ филологиясы» мамандығының 3-курс студенттері:

  • Мағжан Тұрсынхан,

  • Назым Құрал,

  • Қарақат Мақсұт,

  • Алтын Нәби,

  • Назерке Пернебек

Каппадокия университетінде (Түркия) семестрлік білім алуды бастады. Студенттердің оқу кезеңі 28.09.2026 – 17.01.2027 жж. аралығын қамтиды.

Білім көкжиегін кеңейтіп, халықаралық тәжірибе жинақтауға бағыт алған білім алушылардың эдвайзері – PhD Жанат Сәрсенбай.

Бүгіннен бастап ресми түрде оқу процесіне кіріскен студенттерімізге сәттілік пен толайым табыстар тілейміз! Халықаралық білім айдынында ел үмітін ақтап, озық тәжірибемен оралуларына тілектеспіз.