24.09.2026 ж. сағат 15.00-де 208 аудиторияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры Ж.Х. Салханова ұйымдастыруымен «Сапалы білім» тақырыбында дөнгелек үстел өткизілді. Шараға «Журналистика» мамандығының студенттері қатысты. Шағын топтарда студенттер әртүрлі елдердің білім беру жүйесі туралы презентациялар әзірлеп, аудиовизуалды материалдар, газеттер, кроссвордтар, викториналар дайындады.
.jpeg)
Студенттер Абдіраманова Балым, Ануарбек Айдана, Аділқас Күнімай университет қалашығында жүргізілген социологиялық сауалнама нәтижелерімен таныстырды. Сауалнаманың мақсаты – Қазақстандағы білім деңгейін қалай бағалайтыны туралы оқытушылар мен студенттердің пікірлерін анықтау. Студенттер Базарбаева Айгерім, Бекбатыр Назым, Думан Дариана Еуропа елдеріндегі білім беру жүйесіне тоқталды. Студенттер Ғазизжан Нұрдаулет, Бектас Салтанат, Бектұрған Жанерке Азия елдеріндегі білім беру жүйесі туралы баяндама дайындады. Сондай-ақ студенттер еліміздің білім беру жүйесін және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ең танымал түлектерін талқылады. Студенттер Дүйсенгали Даяна, Жақан Алнур, Қадыр Медина цифрлық сайыс өткізді. Іс-шара модераторы Ж.Х. Салханова студенттерді Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бағдарламалық құжатымен таныстырып, жаһандану жағдайында бұл бағдарламаның 17 бағытының әрқайсысы біздің елімізде де, жаһандық деңгейде де кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Ұйымдастырушысы: Ж.Х. Салханова
Басқа жаңалықтар