Студенттер үйлеріндегі қауіпсіздік пен тәртіпті бақылау
2026 жылғы 17 қыркүйекте ДС №15 ғимаратында қауіпсіздік пен ішкі тәртіп талаптарының сақталуын бақылау мақсатында арнайы жұмыс жүргізілді. Бақылауға Аукенов С., Панзарбеков Н. және факультеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Сакенова Айгерім Нурланқызы қатысты.

Бақылау барысында тұрғындардың тұрмыстық жағдайы, қауіпсіздік талаптарының орындалуы және ішкі тәртіптің сақталуы назарға алынды. Кездесу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік ережелерін орындау және құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қатысушылардың ұсыныстары мен сұрақтары тыңдалып, қажетті профилактикалық кеңестер берілді.

Аталған жұмыс қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға және тәртіп мәдениетін арттыруға бағытталды. Университет өкілдері мен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Алдағы уақытта да студенттер үйлеріндегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасын табады.
Басқа жаңалықтар