«Қазақстан және әлем елдерінің білім беру модельдері: салыстырмалы талдау»
2026 жылғы 25 қыркүйекте Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Қайрақызы Динара «Механика» мамандығының 2-курс студенттерімен «Қазақстан және әлем елдерінің білім беру модельдері: салыстырмалы талдау» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ барысында Қазақстанның және жекелеген шет мемлекеттердің білім беру жүйелерінің ерекшеліктері қарастырылып, білім беруді ұйымдастыру мен мамандар даярлаудың негізгі тәсілдеріне салыстырмалы талдау жүргізілді. Білім берудің қолжетімділігі мен сапасы, цифрландыру, оқытудың практикалық бағыттылығы және білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкестігі мәселелері талқыланды.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, түрлі білім беру модельдеріне салыстырмалы талдау жүргізді. Сабақ барысында сапалы білімнің кәсіби даму мен болашақ мамандарды даярлаудағы маңызы туралы түсініктер қалыптастырылды.
Өткізілген сабақ ТДМ-4 «Сапалы білім беру» қағидаттарын іске асыруға және студенттердің аналитикалық әрі коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталды.