Қазіргі замандағы клиникалық психология: мәселелері және болашағы
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы халықаралық қатынастарды нығайту мақсатында Болгарияның жоғарғы оқу орындарымен бірлесе отырып Қазақстандағы Отбасы күніне орай «Қазіргі замандағы клиникалық психология: мәселелері және болашағы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Болгарияның жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерінің танымдық зерттеулерін нығайту, Қазақстандағы клиникалык психологияны дамыту мақсатында клиникалық психология және психотерапия саласы аясындағы практик психологтарды дамыту. Сонымен қатар, ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде Болгариямен бірлесе отырып қосдипломдық магистрлік бағдарламасының болашақта ашылуы болып отыр.
Дөңгелек үстелге 40-тан астам адам қатысты: әр түрлі университеттің өкілдері; қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер; Қазақстан мен Болгарияның ғылыми-практикалық орталықтары; психология мамандары; әлеуметтік жұмыскерлер; философия және саясаттану факультетінің мұғалімдері мен студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М.М. Бүркітбаев Болгариядан келген әріптестерге өзара бірлестігі үшін алғысын айтып, барлық қатысушыларға жемісті жұмыс пен алға қойған мақсаттарына сәттілік тіледі.
Философия және саясаттану факультетінің деканы профессор Алия Масалимова ғылыми іс-шараның қатысушыларын Қазақстандағы Отбасы күнімен құттықтап, әрбір адамның, жалпы ұлттың психикалық денсаулығын сақтаудағы Отбасының маңызды ролін атап өтті. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздегі клиникалық психологтарды дайындаудағы ең басты жоғары оқу орны болатынына сенім білдірді.
Дөңгелек үстелді жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының докторы, профессор Мадалиева З.Б. қорытындылады.
Дөңгелек үстел достық қарым-қатынаста өтті.
Ұйымдастырушы – модератор: профессор м.а. Кабакова М.П.