ҚазҰУ-да шетелдік ғалымдардың көшбасшылық дәрісі өтеді — ҚазҰУ

ҚазҰУ-да шетелдік ғалымдардың көшбасшылық дәрісі өтеді

29 қыркүйек 2026 – 3 қазан 2026

ҚазҰУ-да шетелдік ғалымдардың көшбасшылық дәрісі өтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасының ұйымдастыруымен шетелдік ғалымдардың көшбасшылық дәрістері өтеді.

Шараға университет студенттері, магистранттар мен докторанттар, профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар және жас зерттеушілер қатыса алады.

Оқу ордасында Ахен қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры, PhD Илья Дигель және Сиань ғылым және технологиялар университетінің профессоры, PhD Бао Юань дәріс оқып, тәжірибесімен бөліседі.

Дәріс 2026 жылдың 29 қыркүйек және 2 қазан күні сағат 11:00-13:00 аралығында университеттің бас ғимаратындағы (Ректорат) 15-қабатта өтеді.