Қазақстан құрамасы шахматтан әлемдік Олимпиадада күміс жүлдеге ие болды — ҚазҰУ

Қазақстан құрамасы шахматтан әлемдік Олимпиадада күміс жүлдеге ие болды

28 қыркүйек 2026
Қазақстан құрамасы шахматтан әлемдік Олимпиадада күміс жүлдеге ие болды

 

Самарқанд қаласында өткен шахматтан әлемдік Олимпиадада Қазақстан құрамасы II орын иеленіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ұлттық құрама сапында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің 6B03107 – «Психология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Нұрман Алуа ел намысын абыроймен қорғады.

Бұл – қазақстандық шахматшылардың жоғары кәсіби шеберлігі мен табандылығының нәтижесі. Университет қауымы Алуаны және Қазақстан құрамасын жоғары жетістіктерімен құттықтайды!

Алуаға шахмат өнерінің биіктерін бағындырып, халықаралық аренада еліміздің көк туын биіктете беруіне тілектеспіз! Стратегияңыз әрдайым мықты, ал әрбір шешіміңіз сәтті болсын!