ҚазҰУ студенті спорттық самбодан Әлем кубогінде қола жүлдеге ие болды — ҚазҰУ

ҚазҰУ студенті спорттық самбодан Әлем кубогінде қола жүлдеге ие болды

21 қыркүйек 2026
ҚазҰУ студенті спорттық самбодан Әлем кубогінде қола жүлдеге ие болды

 

2026 жылғы 17–21 қыркүйек аралығында Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласында ерлер мен әйелдер арасында спорттық самбодан Әлем кубогі өтті.

Халықаралық додада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің 4-курс студенті, «Психология» білім беру бағдарламасының білім алушысы Тургунбоева Арухан 65 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.

Бұл жетістік – студенттің жоғары спорттық шеберлігі, табандылығы мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Философия және саясаттану факультетінің ұжымы Аруханды жүлдесімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейді!