«Алкоголь, темекі және заттық тәуелділіктің профилактикасы»
Жерге орналастыру білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерімен «Алкоголь, темекі және заттық тәуелділіктің профилактикасы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге алкоголь, темекі және психобелсенді заттарды қолданудың адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және әлеуметтік өміріне тигізетін кері әсері туралы түсінік қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын ұстануға бағыт беру.

Семинар барысында студенттерге тәуелділіктің пайда болу себептері мен оның алдын алу жолдары туралы ақпарат беріліп, тақырыпқа байланысты пікірталас ұйымдастырылды. Пікірталас кезінде студенттер өз ойларын ортаға салып, зиянды әдеттердің адам өміріне әсері және жастар арасында оның алдын алу мәселелері бойынша өз көзқарастарымен бөлісті.
Сонымен қатар, студенттер тақырыпты өмірлік жағдайлар арқылы жақсы түсінуі үшін көрініс қойып, әртүрлі жағдаяттарды сахналық түрде көрсетті. Көрініс барысында зиянды әдеттердің адам өміріне және қоршаған ортаға тигізетін ықпалы көрсетіліп, дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығы атап өтілді.
Басқа жаңалықтар