Университеттен –нағыз ғылымға!
28 қыркүйек 2026
Университеттен –нағыз ғылымға!
28 қыркүйек күні Химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының меңгерушісі Г.Е. Ергазиеваның қолдауымен кафедра оқытушылары Усипбекова Е.Ж., Сулейменова Г.А. және Мамбетова М. және «Химия» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Ядролық физика институтында ұйымдастырылған Ашық есік күніне қатысты. Іс-шараның мақсаты — студенттерді заманауи ғылыми зерттеулермен, озық зертханалық жабдықтармен және Қазақстандағы ядролық физика мен материалтану саласындағы өзекті бағыттармен таныстыру болды.
Экскурсия барысында студенттер институттың ионды-плазмалық технологиялар, қолданбалы және теориялық материалтану, ядролық гамма-резонанстық спектроскопия, сондай-ақ электрохимиялық түрлендіру және энергияны сақтау зертханаларының қызметімен танысты. Зертхана мамандары жүргізіліп жатқан зерттеулер, қолданылатын талдау әдістері, перспективалы материалдар мен технологиялық шешімдер туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, институт ғалымдары өздерінің негізгі ғылыми жетістіктері мен алдағы зерттеу жоспарларын таныстырып, студенттермен кәсіби бағыт-бағдар жөнінде пікір алмасты.
Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 8-мақсаты — «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» бағытымен тікелей байланысты. Студенттердің ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ерте танысуы олардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, еңбек нарығындағы болашақ мүмкіндіктерін кеңейтуге және ғылымды қажетсінетін салаларда бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Институттың ғылыми қызметкерлері болашақ түлектерді отандық ғылымды дамытуға, ғылыми жобаларға белсенді қатысуға және Қазақстанның инновациялық экономикасына үлес қосуға шақырды.
Усипбекова Енлик
физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы
кафедрасының ассистент- профессоры
Басқа хабарландырулар
10 қараша 2026 – 10 қараша 2026
20 қазан 2026 – 21 қазан 2026