Әл-Фараби мұрасындағы табиғат, ғылым және адам үйлесімі
23 қыркүйек күні 1 курс «Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының студенттері ұлы ойшыл, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасын дәріптеуге арналған «Әл-Фараби мұрасындағы табиғат, ғылым және адам үйлесімі» тақырыбында челлендж өткізді.
Шараның басты мақсаты – студенттер арасында әл-Фарабидің ғылым, табиғат және адамзат арасындағы үйлесімділік туралы идеяларын насихаттау, оның мол мұрасына деген қызығушылықты арттыру және жастардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Челлендж барысында студенттер әл-Фарабидің ғылым мен білімге қатысты ой-тұжырымдарын ортаға салып, табиғат пен адам арасындағы өзара байланысты көрсетті. Сонымен қатар, ұлы ғалымның еңбектерінің бүгінгі күндегі маңыздылығына тоқталып, өз ойларымен бөлісті.

Іс-шара студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, әл-Фараби мұрасын заманауи тұрғыдан түсінуге мүмкіндік берді. Ұлы ғалымның «Білімді болу – адам болудың басты шарты» деген тағылымды идеясы бүгінгі ұрпақ үшін де өзекті.
Басқа жаңалықтар