ҚазҰУ-да профессор Илья Дигельдің пәнаралық дәрісі өтті — ҚазҰУ

ҚазҰУ-да профессор Илья Дигельдің пәнаралық дәрісі өтті

29 қыркүйек 2026
ҚазҰУ-да профессор Илья Дигельдің пәнаралық дәрісі өтті

2026 жылғы 29 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ахен қолданбалы ғылымдар университетінің (FH Aachen, Германия) профессоры, PhD Илья Дигельдің «Молекулалардан мұзды серіктерге дейін: ғылымдар тоғысындағы жобалар» (From Molecules to Icy Moons: Research Across Disciplines) тақырыбындағы дәрісі өтті.

Дәріс барысында профессор биология, биотехнология, биоинженерия, биомедицина, физика және ғарыштық зерттеулер тоғысындағы заманауи ғылыми жобаларымен таныстырды. Ерекше назар медициналық биофотоника, медицина мен биологияда нейрондық желілерді қолдану, жасушалық және молекулалық биофизика, наноқұрылымдалған материалдар, сондай-ақ ғарыштық және гляциологиялық зерттеулерге арналған жабдықтарды in situ деконтаминациялау мәселелеріне аударылды. Профессор Илья Дигель FH Aachen университетінің Биоинженерия институтының директоры және жасушалық биофизика мен микробиология зертханасының меңгерушісі болып табылады. Анонс лекции профессора Ильи Ди…

Кездесуге университет оқытушылары, ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысып, пәнаралық зерттеулердің қазіргі бағыттары мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.

Іс-шара аясында профессор Илья Дигель әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Құрметті профессоры» атағымен марапатталды. Марапат профессордың ғылым мен білімге қосқан үлесін, көпжылдық ғылыми-педагогикалық қызметін және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін атап өтті.